Ресей мұсылмандарынан Құрбан айтта құрбан шалуды тоқтатуды сұрайды, деп хабарлады "Эхо Москвы" радиосы.
Ресей мұсылмандарынан Құрбан айтта құрбан шалуды тоқтатуды сұрайды, деп хабарлады "Эхо Москвы" радиосы.
Өйткені бұл жылғы, 4 қазан күнгі мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі Дүниежүзілік жануарларды қорғау күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған байланысты жануарларды қорғаушылар Ресей мүфтилер кеңесі мен Мәскеу мэрі Сергей Собянинге өтінішпен шығуға ниет етіп отыр. Малды құрбандыққа шалуға мүлдем тыйым салып тастамасақ та, ең болмаса, 2-3 мыңнан - жүз мыңға дейін малды сойып тастау қысқартылса екен дейді олар.
Өз кезегінде Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі мұсылмандардың діни басқармасы төрағасының орынбасары Дамир Гизатуллин құрбандыққа шалынатын малдардың санын қысқарту жоспарланып отырған жоқтығын хабарлады.
Осы жылдың 4 мен 6 қазан аралығында мұсылмандар исламдағы ең үлкен мереке - Құрбан айт мейрамын тойлайды. Құрбан шалу дәстүрі сонау Ибрагим пайғамбардың (р.а.) кезінен бері жалғасып келеді. Мұсылмандар бұл күні мерекелік намаздан кейін құрбандық шалып, оның етін жақын туыстарына, достарына, көршілеріне, жоқ-жітіктерге таратады.