Ресей-Украина шекарасында балалар отырған автобусқа оқ жаудырылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
Ресей-Украина шекарасында балалар отырған автобусқа оқ жаудырылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы Ресей президентіне қарасты Балалар құқығын қорғау ұйымының өкілі Павел Астахов Twitter-дегі өзінің микроблогына жариялаған.
"Ресей-Украина шекарасында, Ростов облысынан өте бере балалар тиелген автобусқа оқ жаудырылды. Автобус жүргізушісі оқ астынан автобусты аман алып шықты", дейді Астахов. Автобустың ішінде 36 бала болған. Балалр құқығын қорғау ұйымының өкілі осы оқиға туралы Ресейдің тергеу комитетіне мәлімдегенін айтады.
Бұған дейін Астахов Украинаның оңтүстік-шығысында балалар өліміне қатысты 5 жағдай туралы айтқан болатын. Украинаның оңтүстік-шығысында сәуір айынан бері Киев билігі Украинада ақпандағы биліктің аусына қатысты қырсылықтарын көрсеткендерге қарсы әскери операциялар ұйымдастырып келеді.
Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығытстардан осы уақытқа дейін ондаған адам зардап шеккен. Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, 200-ден астам адам қаза тапқан. олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.