"Рсесей қорғаныс министрлігі зымырандық шабуыл туралы хабар беру жүйесінің бір бөлігі болып табылатын, геостационарлық баллистикалық зымыран ұшырылуын анықтау жүйесінің "Око-1" соңғы спутнигінен айырылып қалды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Коммерсантъ" ақпарат құралына сілтеме жасап.

2012 жылдың наурыз айында орбитаға шығарылған 71Х6 аппараты жоғалып кетті. Ол жоспарланған 5-7 жыл орнына, базбір ақауларға байланысты екі жыл жұмыс атқарған. Спутникті жасап шығаруға қорғаныс министрлігі 1,5 миллиард рубл (44 миллион доллар) қаржы мен екі жыл уақыт сарып еткен.
Қазіргі уақытта ресейлік әскерилердің еншісінде геостационарлық орбитада бірде-бір "Око-1" спутнигі қалмаған. Ал толық жұмыс жүргізу үшін ең кем дегенде екі аппарат қажет. Десе де, бұл аппарат 2005 жылы-ақ жоғарғы әскери шенділердің сынына іліккен болатын.
2011 жылы ҒӘҚ әскерлері қолбасшысы генерал Олег Остапенко "әскерилер ғарыш эшалонын жөндемейді, зымырандық шабуылды ескертетін жаңа біріңғай ғарыштық жүйе құрады" деп мәлімдеген еді.
Қазіргі уақытта Калуга облысындағы Серпухов-15 жабық әскери қалашығында орталық командалық пунктті орналастыру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, әскерилер жаңа аппарат жасауға 2012 жылы қаржы бөлген. Алайда қазіргі дейін қандай жұмыстар атқарылғаны белгісіз.