04 сәуір 2014 | 09:28

Ресейде 25 украиндық диверсант ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Правый сектор" белсенділері. НТВ "Правый сектор" белсенділері. НТВ

"Ресейдің жеті аймағы-Ростов, Волгоград, Твер, Орлов, Белгород областары мен Қалмақ автономиясы және Татарстанда террорлық-диверсанттық әрекеттер жасамақ болды деген күдікпен 25 украин азаматы ұсталды. Олардың арасында "Правый сектордың" үш белсендісі бар деп мәлімдейді Tengrinews.kz ресейлік НТВ телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Ресейдің жеті аймағы-Ростов, Волгоград, Твер, Орлов, Белгород областары мен Қалмақ автономиясы және Татарстанда террорлық-диверсанттық әрекеттер жасамақ болды деген күдікпен 25 украин азаматы ұсталды. Олардың арасында "Правый сектордың" үш белсендісі бар деп мәлімдейді Tengrinews.kz ресейлік НТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Ұсталғандар арасында "Правый сектор" радикалды ұйымының үш белсендісі бар. Күдіктілердің қандай диверсиялық әрекет жасамақ болғаны белгісіз. Оперативті мағлұматтарға қарағанда, терорлық әрекеттер 14-16 наурыз аралығында, қрымдық референдум қарсаңында жүзеге асырылуы тиіс болған.

Тергеу барысында күдіктілер Украина қауіпсіздік қызметінен нұсқау алғандарын мойындаған. Айтуларынша, оларға Украинамен шекарадағы ресейлік әскерлердің орналасуын, жылжуын суретке түсіру және ресейлік радикалды топтармен байланыс орнату міндеті жүктелген көрінеді.

Ұсталған күдіктілер өздерін, балаларды суретке түсірумен айналысатын "Запад-Восток" фирмасының қызметкерлеріміз деп таныстырған. Диверсанттар құпия деректерді СМС не әлеуметтік желідегі аккаунт арқылы жіберіп отыруы тиіс болған.

Украиндық 25 азаматтың ұсталғанын Ресей Қауіпсіздік қызметі де растады. Күштік құрылым қызметкерлері диверсанттарды ешқандай терорлық әрекет жасамай жатып құрықтағанын айтады.

Life News порталының мәліметінше, диверсанттарды қолға түсіру жұмыстарын ресейлік арнай қызмет мамандары соңғы екі ай көлемінде жүргізіп келген. Басылымның мәліметінше, украиндық диверсанттар Ресей аумағында үш-төрт адамнан топқа бөлініп, әрекет еткен. Олар өздерін топтан адасқан туристер ретінде таныстырып жүрген.

Алайда, көрер көзге, олар денелеріндегі ауыр жарақат іздері және әскери жинақылықтарымен ерекшеленіп тұрған. Олардың жастары 20-дан 50 –ге дейін. Болжам бойынша, диверсанттар әскери қақтығыстар болып жатқан елдер аумағында дайындықтан өткен болуы мүмкін, мәселен Сирияда.

"Эхо Москвы" ақпарат құралының хабарлауынша, қазіргі уақытта Украина СІМ азаматтарының ұсталғаны жайлы ақпаратты тексеріп жатқан көрінеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети