27 сәуір 2016 | 17:13

Ресейде бірнеше рет ДАИШ ұйымына кірмек болған Қазақстан тумасы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shkolazhizni.ru © shkolazhizni.ru

Ресейдегі Солтүстік-Кавказ әскери аймақтық соты Қазақстан тумасын Сириядағы "Ислам Мемлекеті" (ДАИШ, Қазақстанда тыйым салынған) ұйымына кіру әрекеті бойынша айыпты деп танып, оны екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды, ол жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдегі Солтүстік-Кавказ әскери аймақтық соты Қазақстан тумасын Сириядағы "Ислам Мемлекеті" (ДАИШ, Қазақстанда тыйым салынған) ұйымына кіру әрекеті бойынша айыпты деп танып, оны екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды, ол жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Іс материалдары ерекше тәртіпте қаралды, себебі уақытша Дондағы Ростов қаласында тұрып жатқан сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады. "Ресей Федерациясының мүддесіне қайшы мақсаттарда осы мемлекеттің заңнамасында қарастырылмаған қарулы құрылымдарға өзге елдің аймағында қатысуға дайындалу" бойынша және террорлық ұйымға кіруге дайындық жасағаны үшін сот оны кінәлі деп таныды.

Тергеу мәліметінше, сотталушы Сирияға бірнеше рет кетпек болып, сонда террорлық ұйымға кіргісі келген. Қазақстан тумасы заңсыз қарулы ұйымдардың мүшелерімен байланысып, олардың немен айналысатынын және Ресейден Сирияға бағытталған жолдарды қарастырған.

Тергеу мәліметінше, 2014 жылдың қараша айының соңында сотталушы өз бетінше Бішкек - Ыстамбұл бағытына билет алған. Бірақ Ыстамбұлға келісімен, Бішкекке қайта жер аударылған. 2015 жылдың наурызында сотталушы Түркияға қайта ұшпақшы болды, бірақ ол Мәскеуге жөнелтілген. Маусым айында ол Грузия арқылы Түркияға жетуді жоспарлап, кейін Сирияға бармақ болыпты. 22 маусымда ер адам Дондағы Ростовта ұсталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети