25 маусым 2021 | 17:51

Ресейде "дельта плюс" штамы анықталды

Фото: РИА Новости

Ресейде коронавирустың "дельта плюс" штамының алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Дарья Даниленко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде коронавирустың "дельта плюс" штамының алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Дарья Даниленко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

"Тіркелген жалғыз дерек және сырттан келген болуы ықтимал", - деп келтірді ресейлік БАҚ Даниленконың сөзін. Оның айтуынша, бұл штамм бірлі-екілі АҚШ пен Ұлыбританияда тіркелген.

Маманның айтуынша, "дельта плюс" штамының қаупі туралы айтуға ерте және оны басқа штамдарға қарағанда қауіптірек немесе өлімге жиі әкеледі деп айтуға болмайды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 23 маусым Алматыда "дельта штамының" алғашқы дерегі тіркелген болатын. Сараптамалар қосымша зерттеуге жолданды. Кейін олардың қатары өсіп, жұқтырғандардың саны 3 тәулікте 10 адамға жетті. Әзірше олардың "дельта" немесе "дельта плюс" екені хабарланған жоқ.

Reuters бұған дейін Үндістанның медициналық ғылымдар институты "дельта плюсты" бұрынғы штамдардан гөрі жұқпалы болды деп жариялағанын жеткізді. Ғалымдардың кейбірі мутация "дельта" нұсқасының басқа ерекшеліктерімен бірге оны одан әрі жұқпалы етіп, жиі өлімге әкелуі мүмкін деп қорқады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная