23 маусым 2021 10:18

Алматыда "үнді" штамы табылды деген қауіп анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда коронавирустың "үнді" штамы табылды деген қауіп анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда коронавирустың "үнді" штамы табылды деген қауіп анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдын ала деректер бойынша, оның қала бойынша айналым ықтималдығы анықталды. Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет", - деді Байғабылов.

Бұған дейін Алексей Цой Нұр-Сұлтанда тіркелген коронавирус деректерін тексеру барысында "дельта" немесе үнді штамының белгілеріне ұқсас жағдайдың тіркелгенін айтқан болатын. Министр бұл штамның өзгелерден айтарлықтай ауыр екенін ескертіп, осыған байланысты өңірлерден дәрі-дәрмек пен медициналық көмекке қажетті барлық жабдықпен қамтылуды сұрады. 

Осыған байланысты Ведомствоаралық комиссия ҚР бас мемлекеттік санитария дәрігеріне карантин режимі бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды. Онда вакцина салдырмағандарға шектеулер де бар.

Нұр-Сұлтанға да жаңа шектеулер енгізу ұсынылды. Базарлар мен сауда орталықтарының жұмыс уақыты өзгеретін болды.

"Дельта" немесе үнді коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалығы 60 пайызға жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети