26 қараша 2014 14:27

Ресейде жолаушылар мұз қатқан Ту-134 ұшағын итеруге мәжбүр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©lifenews.ru ©lifenews.ru

Ресейде жолаушылар ұшу-қону жолағына мұз болып қатқан Ту-134 ұшағын итеруге мәжбүр болды, - деп хабарлайды LifeNews. Оқиға Красноярск өлкесіндегі Игарки әуежайында болды.


Ресейде жолаушылар ұшу-қону жолағына мұз болып қатқан Ту-134 ұшағын итеруге мәжбүр болды, - деп хабарлайды LifeNews. Оқиға Красноярск өлкесіндегі Игарки әуежайында болды.

Өңірде соңғы күндері ауа температурасы 52 градус аязға дейін жетті. Осының салдарынан Ту-134 шассиі аэродром жабындысына мұз болып қатуы ұшақтың ұшу-қону жолағына шығып, жылдамдық алуына кедергі болды. "Әуе компаниясы ұшақтың шассиіне қиыр солтүстікке арналмаған май жақты. Лайнер аязда бір тәуліктен көп уақыт тұрып қалғандықтан, ұшу алдында оның тіректері жолақ жабындысына жабысып қалыпты", - деп пікір айтты аэродром өкілдері.

Ұшақ бортында 70-ке жуық адам болды. Олар ұшақтан шығып, экипажға ұшақты орнынан қозғалтуға көмектесуге мәжбүр болды. Ту-134 ұшағымен болған оқиғаның видеосы Интернетке жүктелді, содан бері әлеуметтік желілерде көптеген адамның талқысына қалды. Кейбір қолданушылар жолаушылардың ("Ванкорнефть" вахташылары) үйіне қайту үшін жанкештілікке барғанын жазады. "Ұшуды жақсы көрсең - ұшақты итеруді де ұнат", - деп әзілдейді Интернет қолданушылары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети