Ресейде "Көзбояушылық" атты қылмыстық бап енгізу ұсынылды, - деп жазады "Газета.Ru". Мұндай ұсынысты Ресей Федерациясының адам құқықтарын қорғау кеңесінің басшысы Михаил Федотов айтып отыр.
Ресейде "Көзбояушылық" атты қылмыстық бап енгізу ұсынылды, - деп жазады "Газета.Ru". Мұндай ұсынысты Ресей Федерациясының адам құқықтарын қорғау кеңесінің басшысы Михаил Федотов айтып отыр.
"Кезінде кеңестік кезеңде көзбояушылыққа қатысты бап болды. Ол кездері бұл бап жұмыс сағатын көтеруге, жұмысшыларға шамадан тыс жоспарлар мен есептерді орындатуға қарсы жұмыс істеді. Бізге жауапты тұлғалардың жауапкершілігін арттыру үшін, жалған ақпараттардың телеарналарда, көпшілік алдында таралуына жол берілмеуі үшін бұл бапты бізге енгізу керек" - деді Михаил Федотов Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде.
Дегенмен, Ресей президенті оның бұл ұсынысын қисынсыз санады. Бұған қатысты Путин "Адам құқықтарын қорғаушыларға не болған? Олардың ойынша барлығын қатайту, күшейту керек" - деді.
Федотов өз кезегінде мұндай бапты енгізу азаматтардың ақпарат алмасу барысында құқын қорғайтынын алға тартуда.
Айта кету керек, Ресейдің адам құқықтарын қорғау кеңесінің басшысы Путинмен кездесу барысында Украинадағы жағдайға қатысты дұрыс ақпарат берілуі үшін "Көзбояушылық" атты қылмыстық бапты енгізуді ұсынған болатын.