07 маусым 2015 | 19:54

Ресейде мас ұшқыш әйелімен ұрысқаннан кейін тікұшақты ұрлап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©krk.sledcom.ru ©krk.sledcom.ru

Ресейде мас ұшқыш әйелімен ұрысқаннан кейін тікұшақты ұрлап әкетті, - деп хабарлайды Красноярск өлкесі бойынша Тергеу комитеті басқармасы. Оқиға кеше, 6 маусымда болды.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейде мас ұшқыш әйелімен ұрысқаннан кейін тікұшақты ұрлап әкетті, - деп хабарлайды Красноярск өлкесі бойынша Тергеу комитеті басқармасы. Оқиға кеше, 6 маусымда болды.

Жеке әуе компаниясында ұшқыш болып жұмыс істейтін ер адам өз куәлігімен Туруханск аэродромының аймағына барған. Ол мас күйде болыпты. "Ер адам тікұшақты ұшырып әкетті, бірақ ұрлау мақсаты болмаған, ол бұл іске әйелімен болған жанжалдан кейін барған. Күдікті есіктің құлып құрылғысын бүлдіріп, МИ-8Т тікұшағының ішіне кіріп, аппаратты әуеге көтерді",- делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам көкке ұшқаннан кейін қауіпті әрекеттер жасай бастаған. Әуе кемесі Туруханск ауылының үстінде және оның айналасында, сонымен қатар Фарково ауылының үстінде төменгі биіктікте ұшқан.

Бір сағат өткеннен кейін ұшқыш әуежайдың ұшу-қону жолағына қонды. Ұшу барысында ешкім жарақат алған жоқ. Болған оқиға дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Красноярск өлкесінің тұрғынына қандай жаза кесілетіні айтылмай отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети