Ресейде әрбір отбасы үшінші баласын жоғары оқу орындарында тегін оқыта алады деп жазады "Известия".
Ресейде әрбір отбасы үшінші баласын жоғары оқу орындарында тегін оқыта алады деп жазады "Известия".
Мемлекеттік думадағы "Справедливая Россия" фракциясының депутаты Олег Нилов тиісті заң жобасын әзірледі. Құжат үш және одан да көп баласы бар отбасыларға мемлекеттік сертификат алуға құқық береді. Бұл сертификат бойынша отбасындағы балалардың бірі егер оқуға бюджеттік орын бойынша түсу мүмкін болмаса, жоғары білімді тегін ала алады.
"Көбіне ата-аналардың үшінші баланы тууға ниет етпеуіне ол бала кепілді түрде жоғары білім ала алмайды деген негізді қауіп себеп болып жатады. Бұл құжат кепілді тегін жоғары білім алуды ұсынады. Білім беру сертификатын отбасындағы бюджеттік бөлімге оқуға түсе алмаған кез келген баланың пайдалануына мүмкіндігі болады", - дейді жоба авторы. Ниловтың айтуынша, оқу ақысын төлеу жөніндегі барлық міндеттемені мемлекет өз мойнына алады, жоғары оқу орындары ешқандай қаржылық шығын шекпейді.
Мәскеу сәулет институты (МАРХИ) ректоры Дмитрий Швидковскийдің пікірінше, мұндай сертификатты енгізу кедей отбасы балаларының елдің үздік жоғары оқу орнынан білім алып шығуына мүмкіндік береді. Бұған қоса, бастама тұрмысы нашар отбасы балалары арасынан талантты жастарды табуға көмектеседі.
Нилов дайындаған заң жобасы - Ресейде тууды ынталандыру жөніндегі кешенді шаралардың бір бөлігі. Бұл пакетке Қиыр Солтүстік аудандарында тұратын көпбалалы отбасыларды және баланы алимент алмай жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдауға бағытталған заң жобалары енеді.
Подробнее:https://tengrinews.kz/russia/rossiyskie-semi-smogut-besplatno-obuchit-v-vuze-tretego-rebenka-252618/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz