Қазақстандағы базарларда Ресейден әкелініп сатылып жатқан тауық еті мен тауық еті өнімдері құрамынан ішек таяқшаларының бар екені анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, мамырдың 5-і мен 19-ы аралығында жүргізілген мониторинг кезінде зертханалық тексерулер Ресейден әкелінген тауық еті өнімнің түрлерінен аурудың белгілері анықталған. "Атап айтқанда, паттогенді микрофлора (сальмонелла) мен ішек таяқшалары тобына кіретін бактериялар: тартылған тауық еті (өндіруші - Ресей, "Васильевская" тауық фабрикасы ААҚ), тауық қанатшалары, тауық филесі (өндіруші - Ресей, "Поволжский ААҚ), бройлер балапанының еті (өндіруші - Ресей, "Чебаркульская птица" ААҚ), "Аргаяша" тартылған тауық еті (өндіруші - Ресей, "Уралбройлер" ЖАҚ), тауық кеудешесінен табылған ("PANCETTA MAGRETTA" Италияда жасалған). Өнімнің бұл түрлерінде ішек таяқшалары бактерияларының пайда болуына өнімдері жеткізуде және сақтауда санитарлық талаптардың орындалмауы әсер етті", - делінген агенттік таратқан мәліметте.
Ведомство өкілдері қазақстандық тұтынушыларға азық-түлік сатып аларда сыртқы қаптамалардың бүтіндігіне, өңі мен иесіне аса мән беру керектігін ескертті.
Еске саламыз, Қазақстан бұған дейін Ресей мен Беларусия елінен келетін тауық еті өнімдеріне ел аумағында сатылуына тыйым салған болатын.