Ресейден ЕАЭО елдеріне астық пен қант экспорттауға тыйым салынады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pexels.com © pexels.com

Кеден кіші комиссиясы Ресей Федерациясынан ЕАЭО елдеріне астық дақылдарын, қант пен құрақ шикізаты қантын әкетуге уақытша тыйым салу туралы шешімді мақұлдады. Экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, шара 2022 жылдың 31 тамызына дейін бидай мен меслинге, қара бидайға, арпа мен жүгеріге қатысты қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кеден кіші комиссиясы Ресей Федерациясынан ЕАЭО елдеріне астық дақылдарын, қант пен құрақ шикізаты қантын әкетуге уақытша тыйым салу туралы шешімді мақұлдады. Экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, шара 2022 жылдың 31 тамызына дейін бидай мен меслинге, қара бидайға, арпа мен жүгеріге қатысты қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бейсенбі, 10 наурызда экономикалық даму және интеграция жөніндегі үкіметтік комиссияның сыртқы саудадағы кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, қорғау шаралары жөніндегі кіші комиссиясы Ресей Федерациясынан ЕАЭО елдеріне дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл шараның уақытша екенін және бидай мен меслин, қара бидай, арпа және жүгеріге қатысты 2022 жылдың 31 тамызына дейін қолданылатынын түсіндірді. Кей жағдайда артықшылық Ресейдің Индустрия және сауда министрлігі берген экспорт лицензиялары бойынша жеткізілімдер үшін қарастырылған.

Сондай-ақ, кейінгі отырыста кіші комиссия 2022 жылдың 31 тамызына дейін Ресей Федерациясынан ақ қант пен шикі құрақ қантын экспорттауға уақытша тыйым салу туралы шешімді қолдады.

"Бұл тыйым басқа елдерге экспортқа қатысты қолданылады. ЕАЭО-ға жеткізу Ауыл шаруашылығы министрлігі берген рұқсаттар негізінде жүргізілуі мүмкін", - делінген министрлік хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer