Томск қаласында көлік алуға барған қазақстандықтардың жоғалтқан 24 мың АҚШ доллары көлемінде ақшасы қайтарылды, - деп хабарлайжы РИА Новости облыстық ІІМБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Томск қаласында көлік алуға барған қазақстандықтардың жоғалтқан 24 мың АҚШ доллары көлемінде ақшасы қайтарылды, - деп хабарлайжы РИА Новости облыстық ІІМБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Томск қаласының полицейлері қазақстандықтардың кафелердің бірінде тастап кеткен 24 мың доллар ақшасын қайтарып берді. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның екі азаматы Томск қаласына көлік сатып алуға келген. Олар бір көлік сатып алғаннан кейін кафеге барып, сонда ақша салынған сөмкені ұмытып қалдырған.
"Ұмытылған ақшаны еске түсірген азаматтар кафеге қайтып келеді, бірақ кафе жабылып қалған. Полиция қызметкерлері кафенің қожайынын тұрғылықты жері бойынша тауып, оның ұмытылған ақшаны алып кеткенін анықтады", - делінген хабарламада.
Кафенің қожайыны полицейлерге ақшаны берді, ал олар қазақстандықтарға қайтарды.