12 қаңтар 2022 08:56

Ресейлік тележүргізуші Михаил Зеленский 46 жасында қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Зеленский. Фото: "Россия" телеарнасының баспасөз қызметі Михаил Зеленский. Фото: "Россия" телеарнасының баспасөз қызметі

Ресейлік тележүргізуші Михаил Зеленский қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.


Ресейлік тележүргізуші Михаил Зеленский қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ресей елшілігі журналист Доминикандағы демалыс кезінде қайтыс болғанын мәлімдеді. Baza Telegram арнасы Зеленскийдің Доминиканда әйелімен бірге демалып жатқан кезде қайтыс болғанын жазды. Ол кенет ауырып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің жұмсаған күш-жігеріне қарамастан ол қайтыс болды. Олар оқиғаның алдын ала себебі инсульт болуы мүмкін екенін айтты.

Lenta.ru мәліметінше, оның 39 жастағы жұбайы, психолог, YouTube-те "Прокрастинатор" арнасын жүргізетін Мила Рубинчик күйеуі қайтыс болғаннан кейін байланысқа шықпаған. Сонымен қатар, Instagram-дағы барлық жазбасын өшіргенін жазды.

Зеленский "Россия-Культура" телеарнасында "Билет в Большой" бағдарламасын жүргізді, сонымен қатар арнаның шолушысы және "Новости культуры" бағдарламасының жүргізушісі болды. Бұған дейін журналист "Россия-1", "ТВ орталығы" телеарналарында және "Прямой эфир" ток-шоуында жаңалық шығарған. Сондай-ақ, Зеленский "России-24" эфирінде жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети