Ресейде банктердің қолма-қол валюта сатуына тыйым салу әлеуметтік желілерде көлеңкелі валюта нарығының пайда болуына әкеп соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсантқа" сілтеме жасап.
Ресейде банктердің қолма-қол валюта сатуына тыйым салу әлеуметтік желілерде көлеңкелі валюта нарығының пайда болуына әкеп соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсантқа" сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, дағдарыс кезінде осылай болады. Тек формалар өзгереді. Қазір технологияның дамығанын ескере отырып, әлеуметтік желілерде заңсыз валюта айырбастау әрекеті жүріп жатыр. Ол барлық тарап үшін, соның ішінде алаяқтық жағынан да күмәнді саналады.
Әлеуметтік желілерде арналар, топтар мен валюта айырбастау боттары пайда бола бастады. "Валюта айырбастау", "доллар сатып алу", "Мәскеуде валюта айырбастау" сұраулары бойынша ондаған Telegram-арна бар. Олардың көпшілігі наурыздың алғашқы екі аптасында құрылған.
"Доллар сатып алуға болатын орындар туралы нақты ақпаратты" жариялайтын арналар да бар. Мысалы, олардың бірінде Киев көшесіндегі "Макдональдс" маңындағы айырбау пунктіне барып, 150 рубльден (Ұлттық банк бағамы бойынша 690 теңге) доллар сатып алуға болатыны жазылған.
Баға бір доллар немесе еуро үшін 200 рубльге (Ұлттық банк бағамы бойынша 920 теңгеге) жетеді. Осындай ұсыныстары бар топтар "ВКонтакте" желісінде де бар. Ресей банкінің 15 наурыздағы ресми валюта бағамы: еуро - 127,23 рубль (Ұлттық банк бағамы бойынша 585 теңге), доллар - 115,2 рубль (Ұлттық банк бағамы бойынша 529 теңге).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!