РФ Жоғарғы соты "Иегова куәгерлері" сайтын экстремистік деп таныды

ПОДЕЛИТЬСЯ

РФ Жоғарғы соты "Иегова куәгерлері" сайтын экстремистік деп таныды ©Тengrinews.kz

Ресейдің Жоғарғы соты " Иегова куәгерлері" сайтын экстремистік деп таныды, - деп хабарлайды РИА Новости. Сот діни ұйымның "Чему на самом деле учит Библия?", "Приближайся к Иегове", "Приходи и следуй за мной" атты үш кітабынан да экстремизм белгілерін тапты. Бұл басылымдардың бәрі сайт арқылы таратылған. 

"Иегова куәгерлері" өкілдері үнемі Ресей заңдарының аясына сыймай келеді. Жылдың басында Қорған соты ұйымның "Как достичь счастья в жизни", "На что можно надеяться людям?", "Как развить близкие отношения с Богом" және "Что нужно знать о Боге и его смысле" атты кітапшаларын экстремистік әдебиет деп таныған еді. 2013 жылдың желтоқсанында бұл сектаның Тобыл тобының жетекшісі  қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Ол экстремизмді насихаттады, қан құюға тыйым салып, бір адамның өліміне себеп бола жаздады деп айыпталды. 

Айта кетейік, 2004 жылы-ақ Мәскеу соты "Иегова куәгерлері" сектасының қызметіне тыйым салған болатын. Діни қауым балаларды бопсалауға, оларды отбасынан бездіруге, өзін-өзі өлтіруге және медициналық көмектен бас тартуға итермелеуге айыпты деп танылды. Арада алты жыл өткенде Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты бұл шешімді заңсыз деп тауып, Ресейді жәбірленушілерге 70 мың евро төлеуге міндеттеді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети