Сахалинде тұрғын үйде газ жарылып, тоғыз адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сахалинде тұрғын үйде газ жарылып, тоғыз адам қаза болды Видеодан алынған кадр

Сахалиндегі Тымовское ауылындағы тұрғын үйде газ жарылып, тоғыз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сахалиндегі Тымовское ауылындағы тұрғын үйде газ жарылып, тоғыз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

19 қарашада таңертең Сахалинде тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Жарылыс салдарынан бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылған.

Жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тапқан, оның төртеуі бала екені анықталды.

Жарылысқа газ баллонын дұрыс сақтамау немесе дұрыс пайдаланбау себеп болған деген болжам жасалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Тымовское ауылына қосымша 26 құтқарушы тобы жіберілген. Сонымен қатар, оқиға болған жерде Төтенше жағдайлар министрлігінің кинологтары мен психологтары көмектеседі.

Сахалиндегі Тымовское ауылындағы бес қабатты үй 1980 жылдары салынған. Онда 80-ге жуық пәтер бар. Кейінгі күрделі жөндеу 2016 жылы өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети