21 қазан 2014 | 20:33

Сарапшылар Total мұнай компаниясын басқаруы мүмкін үміткерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Сарапшылар Total мұнай компаниясын Патрик Пуян басқаруы мүмкін екенін айтады. Ол Мәскеуде ұшақ апатынан қайтыс болған Total мұнай компаниясының президенті Кристоф де Маржеридің орнына келуі мүмкін, - деп хабарлайды Bloomberg.com. Еуропадағы екінші ірі мұнай компаниясы Total Қашаған жобасына қатысады. Оның жетекшісі Кристоф де Маржери 21 қазанға қараған түні қайтыс болды. 

Иконка комментария блок соц сети

Capital Markets Ltd сарапшысы Ян Ридтің ойынша, Пуян ең мықты үміткер. "Ол өз саласының қаржылық жағдайын жақсарту  үшін үлкен қадамдар жасады. Оның мұнай өндіруде, барлауда тәжірибесі мол", - деді ол.

Пуян жоғары білімді инженер. Total компаниясына жұмысқа тұрмас бұрын Францияның индустрия министрлігінде қызмет етті. Ол өзінің қазіргі қызметін 2012 жылдан бері атқарып келеді. Пуян Total компаниясында 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Жаңа басшыға шығындарды барынша азайту керек, өйткені мұнай бағасының төмендігі, өндірістің әлсіздігі компанияның табысын төмендетті. Қайтыс болар алдында Маркери ескі мұнай алаңдарын сатып, жаңа жобаларға инвестиция үнемдеуді жоспарлаған болатын. 

Сарапшылар есімдерін атаған үміткерлердің бірі қаржы директоры Патрик де ла Шевардье және Upstream бөлімінің жетекшісі Ив-Луи Даррикаррера. 

Natixis Securities SAS сарапшысы Анна Пумир өз кезегінде үміткер ретінде маркетинг бөлімінің жетекшісі, директорлар кеңесінің мүшесі Филипп Буссоны атады. 

Әзірге Тotal мұнай компаниясы болашақ президентке қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ. Директорлар кеңесінің отырысы 21 қазанға жоспарланып отыр.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети