Шетелдік мамандар OneWeb спутниктерін тастап, Байқоңырдан кетті - БАҚ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:oneweb.net Фото:oneweb.net

Шетелдік мамандар ұлыбританиялық OneWeb байланыс спутниктерін "Байқоңырда" тастап, ғарыш айлағынан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шетелдік мамандар ұлыбританиялық OneWeb байланыс спутниктерін "Байқоңырда" тастап, ғарыш айлағынан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресей OneWeb спутниктерін іске қосудан бас тартқан. Оған себеп Ұлыбритания үкіметінің компания директорлары қатарынан шыққысы келмеуі және компанияның спутниктерді әскери мақсатта пайдаланылмайтынына кепілдік беруі болған. 

"OneWeb тобы жұмысты аяқтады, спутниктері бар бөлменің температура мен ылғал режимін реттеп, есіктерді мөрледі. Олар ғарыш айлағынан кетті", - делінген агенттік мәліметінде.

Сондай-ақ, шетелдіктер Байқоңырдан ғарыш аппараттарын түгел әкеткісі келген, бірақ рейсті ұйымдастырудағы қиындықтарға байланысты мұны жасай алмаған.

Дереккөз мәліметінше, спутниктердің одан ары тағдыры Ұлыбритания үкіметіне байланысты болады.

Шетелдік мамандар спутниктерді ұшыру бойынша іске қосу алдындағы жұмыстарға қатысқан. Ол "Главкосмос" компаниясының Arianespace еуропалық ұшыру қызметтерін жеткізушімен және Starsem компаниясымен арадағы келісімшарттарына байланысты жүзеге асқан. Starsem компаниясы Байқоңырдағы батыс стандарттары бойынша сертификатталған аумаққа иелік етеді, оларға тек шетелдік мамандардың рұқсаты бойынша ғана қол жеткізуге болады.

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин "Роскосмос" зымырандарды жеткізуден бас тартқаннан кейін OneWeb күйрейтінін айтты. Алайда кейін OneWeb америкалық SpaceX-пен спутниктерді ұшыру туралы келісім жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro