Швецария құрамасы ресейлік хоккейшілермен машықтану жарысын өткізуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швецария құрамасы ресейлік хоккейшілермен машықтану жарысын өткізуден бас тартты © РИА Новости

Швецария құрамасы ресейлік хоккейшілермен даярлық жарысын өткізуден бас тартты, деп хабарлайды "РИА Новости". Швецария хоккей федерациясы ешқандай себебін түсіндірместен, Сочиде 9-ақпан күні кешкісін өткізуді жоспарлаған Ресей-Швейцария машықтану жарысын болдырмады. Хоккейден ерлер арасындағы Олимпиадалық жарыс 12-ақпанда басталады. Ұлттық хоккей лигасының ойыншылары Сочиге 10-ақпанда келеді. Швецария хоккейшілері 2013 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Сондықтан олар өздерін Ресей, Канада, Финландия және Чехия командаларымен тең санап, Олимпиада медалінен үміттеніп отыр. Ресей Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін, 1992 жылы хоккейден Олимпиада алтынын жеңіп алған. Бірақ ол кезде біріктірілген команда болды. Хоккей жарысы 12 ақпанда басталып, Олимпиаданың соңғы күніне дейін созылады. Оның соңғы финалы 23-ақпанда Сочи жарысы ойындарының бағдарламасын жабатын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети