Тоқаев Путинмен кездесуі туралы: маңызды келіссөздерге қол қойылады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Путинмен кездесуі туралы: маңызды келіссөздерге қол қойылады Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде өтетін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында маңызды келіссөздерге қол қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде өтетін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында маңызды келіссөздерге қол қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы кездесу барысында Владимир Путинмен арада екі елдің стратегиялық мүддесін қозғайтын бірқатар өзекті мәселеге қатысты сөз қозғалатынын айтты.

"Маңызды келіссөздерге қол қойылады. Стратегиялық өзара іс-қимыл одақтастық өзара қарым-қатынас бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізгіміз келеді. Менің ойымша, қажет нәтижелерге қол жеткіземіз", - деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей Құдай қосқан көршілер екенін, екі мемлекет арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара екенін айтты.

"Екі ел арасында достық пен ынтымақтастықтан басқа қарым-қатынас болуы мүмкін емес. Сондықтан ары қарай жұмыс істейміз", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети