Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер өз туған күнін Ресей президенті Владимир Путинмен бірге өткізгеннен кейін жауған сынның астында қалды, - деп жазады Газета.RU The Times-ке сілтеме жасап.
Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер өз туған күнін Ресей президенті Владимир Путинмен бірге өткізгеннен кейін жауған сынның астында қалды, - деп жазады Газета.RU The Times-ке сілтеме жасап.
Шредерді көпшілік "Батыстың Ресей көшбасшысын оқшаулау әрекеттерін келеке етті" деп айыптап жатыр. Сынның төркіні украин дағдарысы екені түсінікті. Германияның экс-канцлері 70 жас мерейтойын Санкт-Петербургте өткізген. Туған күн кешінен түсірілген суреттер баспасөзге тарап кетті.
Басылымдардың хабарлауынша, Ресейде өткен салтанатты кеш "Германияның ашуына тиді". Экс-канцлердің әрекеті "арсыздық", "жауапсыздық" деп сыналып отыр. Ал The Guardian басылымы "Неміс үкіметі Украинаның келешегі үшін болатын ойында қатаң саясат жүргізуге тырысады. Ал қазіргі канцлердің ту сыртында Шредер "мейлінше бейресми дипломатияны" дағдыға айналдырды" деп жазды.