Үстіне Мурманск циркінің 120 кило тартатын есепшісі құлаған "Федя" есімді қолтырауын өлім аузынан қалды. Оқиға мурманскылық "Советский цирк" труппасының Североморск қаласына гастролдік сапармен барған кезде болған.

Көліктің еденінде одеялоға оратылған 2 метрлік Федя жатқан. Ойқы-шойқы жолмен келе жатып селк еткені сол-ақ екен қолтырауынның үстіне жоғарыда жатқан, салмағы 120 килолық есепші құлап түскен, деп хабарлайды "РИА Новости".
"Біз Мурманскыдан шыққан болатынбыз, бір уақытта көліктің доңғалағы шұңқырға түсіп кеткені сол-ақ екенбіздің есепші еденде жатқан Федяның үстіне құлап түседі. Байқағаным қолтырауын ауыр соққыдан қатты қиналғандай болды", - "Интерцирк" компаниясының бас администраторы Василий Колос.
Оның сөзіне қарағанда, әртістерге Мурманскыға қайта оралуға тура келген. Себебі, қолтырауынды ветеринарға тексертпесе болмайтын болған. Екі метрлік қолтырауында толықтай тексеруден өткізіп алу үшін, труппаға үш сағаттан астам уақыт керек боды. Пациентті тексеруден өткізген ветеринарлар қолтырауының денсаулығына зақым келмегенін айтып, сахнаға шығуына рұқсатын берген.