21 қазан 2014 | 12:43

"Внуководағы" ұшақ апаты мас жүргізушінің кінәсінен болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Falcon жеңіл моторлы ұшағы сейсенбіге қараған түні апатқа ұшырады. ©REUTERS Falcon жеңіл моторлы ұшағы сейсенбіге қараған түні апатқа ұшырады. ©REUTERS

Мәскеудің "Внуково" әуежайында Францияның Total мұнай компаниясы президентінің ұшағы соғылған қар тазалаушы машинаның жүргізушісі мас болған, - деп хабарлайды РИА Новости. Апат 21 қазанға қараған түні болды.


Иконка комментария блок соц сети

Мәскеудің "Внуково" әуежайында Францияның Total мұнай компаниясы президентінің ұшағы соғылған қар тазалаушы машинаның жүргізушісі мас болған, - деп хабарлайды РИА Новости. Апат 21 қазанға қараған түні болды.

"Қазіргі уақытта қар тазалаушы машина жүргізушісінің алкогольден мас болғаны анықталды. Оған қоса, қылмыстық істі тергеу кезеңінде әуежайдың бірқатар қызметкерін өз міндеттемелерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдануы мүмкін", - деді Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин.

Диспетчерлердің қателігі мен қар тазалаушы машина жүргізушісінің әрекеті "Внуково" әуежайындағы ұшақ апатына қатысты негізгі болжамдардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Сонымен бірге, қолайсыз ауа райы және пилоттардың қателігі нұсқасы да тексеріледі.

Еске сала кетейік, "Внуково" әуежайындағы ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты. Жеңіл моторлы Falcon ұшағының бортында Total француз энергетика концернінің президенті Кристоф де Маржеримен бірге экипаж мүшелері Рассья Перафорья Максим Жан Мари, Фалюк Руслана және Пикан Яннь Жак Жозеф қайтыс болды. Бұған дейін әуежайдың баспасөз қызметі Мәскеу - Париж рейсін орындаған ұшақтың бортында бір ғана жолаушы - Франция азаматы бар екенін хабарлаған болатын. Оқиғадан кейін "Внуковода" ұшақтың апатқа ұшырауына оның қар тазалаушы машинаға соғылуы себеп деген ақпарат тарады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети