08 мамыр 2014 | 12:06

Якутияда ұшақ бортында егіздер дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото  polarair.ru Фото polarair.ru

Якутияда  ЯП 286 Зырянка-Якутск бағытында ұшқан ұшақта күтпеген жағдай орын алып, 25 жастағы жолаушы Ирина Василькова егіздерді дүниеге әкелді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz әуе компаниясы сайтына сілтеме жасай отырып.


Иконка комментария блок соц сети

Якутияда  ЯП 286 Зырянка-Якутск бағытында ұшқан ұшақта күтпеген жағдай орын алып, 25 жастағы жолаушы Ирина Василькова егіздерді дүниеге әкелді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz әуе компаниясы сайтына сілтеме жасай отырып.

Ұшақ бағыттың жарты межесіне жеткенде жолаушы Ирина Василькова толғағы басталғанын айтқан.

Жақсылыққа қарай, акушер Елена Слепцова онымен бірге болған. Әуе компаниясының жолсерігі  Кристина Кондратьева егіздерді босандыру процесіне қатысып, акушерге көмегін тигізген.  Ұшақ бортында алғашқы көмекке қажетті медициналық препараттар, құрал-жабдықтардың барлығы дерлік бар болған. Толғақ біртіндеп күшейіп, ұшақтың ұшу барысы бәсеңдегенде егіздердің біріншісі дүниеге келген. Ал 15 минуттан кейін егіздің сыңары екінші қыз өмірге келді. 

Айта кету керек, егіздер Якутия жолсеріктерінің мерекесі күні өмірге келіп, жолсеріктерге айрықша көңіл-күй сыйлады. 

Егіздерді және олардың  анасын ұшақ жерге қонған кезде медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем тосып алып, бірден ауруханаға алып кетті. Дәрігерлік тексеру барысында ұшақта босанған ана мен егіздердің жағдайы қалыпты екені анықталды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети