18 қараша 2021 11:00

Бір жыл онлайн-оқудан кейін балалардың көру қабілеті нашарлады - офтальмолог

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір жыл қашықтан оқудан кейін алыстан көруі нашарлаған балалар саны бірден көбейген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Нұр-Сұлтанның штаттан тыс бас офтальмологы, №6 қалалық емхананың мамандандырылған бөлімшесінің меңгерушісі Галина Мун "Онлайн мектеп" жобасы аясында айтты. 


Бір жыл қашықтан оқудан кейін алыстан көруі нашарлаған балалар саны бірден көбейген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Нұр-Сұлтанның штаттан тыс бас офтальмологы, №6 қалалық емхананың мамандандырылған бөлімшесінің меңгерушісі Галина Мун "Онлайн мектеп" жобасы аясында айтты. 

Дәрігер алыстан нашар көру - көру қабілетінің нашарлауы екенін, адам жақыннан жақсы көріп, алыстан нашар көретінін айтады. Ол төменгі деңгейде - үш диоптрия, орташа деңгейде - үштен алты диоптрияға дейін және жоғары деңгейде - алты диоптриядан жоғары болады. ДДСҰ мәліметінше, 20-30 пайыз жағдайда ол балалық және жасөспірім шақта ұлғаяды. 

"Онлайн оқуда жүрген балалар бір жылдай көру режимін сақтамады. Көру жүктемесі артқан балаларда үш, төрт, бесінші сыныпта, яғни сабақ көп және қосымша сабақтар болатын сыныптарда көзге қосымша күш салынды. Оның бәрі балаларымыздың көру қабілетіне әсер етті, салдарынан бір жылда алыстан көру қабілеті нашарлар көбейді, оларда 1-2 диоптрия. Биыл бірінші сынып оқушыларының көру қабілетін тексергенде жартысынан көбінде нашар болды. Бұрын, статистика бойынша, 35 пайыз болатын, бүгінде ол 50 пайыз", - дейді маман. 

Дәрігер балалар онлайн-оқудан бөлек, гаджет пен телефон көп ұстап, теледидар көргенін, салдарынан бір жылда алыстан көруі нашарлағандар саны көбейгенін атап өтті.  

"Егер көру режимін сақтамаса алыстан көрудің нашарлауы үш-төрт айдан кейін күшеюі мүмкін. Көп жағдайда тұқым қуалау да бар. Егер ата-ананың бірі көзілдірік тақса, бұл туа біткен алыстан көрудің нашар болуы емес, бірақ бала соған бейім болады және ондай балаларда алыстан көрудің нашарлауы ата-анасының көру қабілеті 100 пайыз жақсы балаларға қарағанда тезірек күшеюі мүмкін", - дейді дәрігер.  

Сондай-ақ, маман балалардың көру қабілетінің нашарлауына әсер ететін фактор туралы айтты.   

"Балалар жақын отырса, дұрыс отырмаса, жарықтың нашар болуы да бар. Егер бала кешке сабақ оқыса, міндетті түрде жұмыс үстеліне жарық беріп тұратын лампасы болуы керек. Егер бала жарығы нашар жерде оқыса немесе жазып отырса, оның көзіне күш түсіп, көзі шаршап, алыстан көрудің нашарлауы күшейеді. Солтүстік аймақтарда алыстан көрудің нашар болуы көп кездеседі. Компьютердің алдында көп отыру, теледидар қарау, көлікте келе жатқанда кітап оқу, жатып оқу және дұрыс отырмау көру қабілетінің нашарлауына әкеліп соғады", - дейді офтальмолог. 

Галина Мун өсіп келе жатқан бала таза ауада жиі жүруі керегін айтады. Бала үйде де гимнастика жасап, белсенді болуы керек. "Егер бала жарты сағаттай сабақ оқыса, 10-15 минут үзіліс жасауы керек. Ал балалар оны қадағаламайды ғой, бір жарым, екі сағаттан телефонда ойын ойнайды, ал бұл олардың көру қабілетіне әсер етеді", - дейді дәрігер. 

Көзіне күш түскенде баланың басы ауыра бастайды. Көрудің нашарлауының алғашқы симптомдары байқала бастағанда офтальмологқа жүгіну керек. Әсіресе бала белсенді өсіп жатқан кезеңде, яғни 18 жасына дейін көзге күтім жасау керек. Баланың өсуі тоқтай бастағанда алыстан көрудің нашарлауы күшеюін бәсеңдетеді. 

Дәрігер алыстан көруі нашар барлық бала әр үш ай сайын офтальмологқа қаралуы керегін айтады. "Көбіне балаларға көзілдірік береміз, ал бір жылдан кейін минус 3-4 болады. Ата-аналар қолдары тимейтіндіктен офтальмологқа бармайды, әр үш сайын көзілдіріктен бөлек, балаға қажет алдын алу емін жазамыз. № 6 емханада ортоптикалық кабинет бар, ол жерде Аветисов әдісі бойынша ем жасаймыз. Бұл әдісті Мәскеуден алып келдік және көп қолданамыз. Сондай-ақ алыстан көрудің нашарлауының күшеюін азайту үшін жаттығулар береміз. Ортокератологиялық линза береміз, оны алыстан көрудің нашарлауын тоқтату үшін түнде киіп жатады", - дейді дәрігер. 

Одан бөлек, витаминотерапия тағайындалады: В, А, тобындағы дәрумендер, аскорбин қышқылы, Д, Е дәрумені, омега-3. Міндетті түрде көз гимнастикасын жасау ұсынылады. 

"Ол көзілдірік берді болды деген ауру түрі сияқты болуы мүмкін. Бірақ көздің түбінде асқыну болатынын ұмытпаған дұрыс. Көз алмасының алдыңғы артқы бөлігі біртіндеп созыла бастайды. Алыстан көру нашарлай бастаған кезде ішкі қабаты жұқара бастайды. Бір нәрсе түрткі болса, біреу итеріп жіберсе жарыла бастауы мүмкін. Бұрын көз торының жарылуы аз болатын, ал қазір көз торының қабаттануы деген секілді асқыну көп. Көз торының шеті кішкентай болса, лазерлі коагуляция жасалады, яғни жедел емдеу. Алыстан көрудің нашар болуының бір жаманы онда көз торының қабаттануы немесе мүлде көрмей қалу деген секілді асқыну болуы мүмкін", - дейді қаланың бас офтальмологы.  

Балалар офтальмологтары ата-аналарды баласының көру режимін қадағалауға шақырады. 

"Көбіне ата-аналар ұялы телефонын беріп қояды да өз жұмысын істеп жүреді. Немесе балалар қараңғы жерде телефонмен ойнап не ата-аналар баласына өзі телефон, гаджет, компьютер сатып алып береді. Ата-аналардың өзі баласында алыстан көру қабілеті нашар болуына әсер етіп жатады", - дейді Галина Мун.     

Маманның айтуынша, үш жастан асқан балаларға бағдарламаларды аптасына 15-20 минут көруге, ал бірінші сынып оқушыларына бір сағат көруіне болады. Сонымен қатар, апта бойы теледидар көруін қысқарту керек, себебі мектеп бағдарламасының өзі көзге көп күш түсіреді. Одан бөлек, дәрігер қыста жеміс-жидек жеп, спортпен айналысу маңызды екенін атап өтті.  

"Онлайн мектеп" жобасын Tengrinews.kz "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп жүзеге асырады. Жоба аясында сайтта онлайн-оқудың ерекшеліктері туралы білім беру және психология саласындағы сарапшылармен танымдық материалдар жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети