03 қараша 2021 11:24

"Үнемі өзім жалғыз отырғандай сезім болды" - рекордсмен мұғалім қашықтан оқудағы қиындықтар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Онлайн-форматта сабақ берген кезімде балаларды сезбедім", - дейді астаналық мұғалім Муаммер Гюль, оның оқушылары жыл сайын халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын иеленеді. Гиннесстің рекордтар кітабына кірген педагог Tengrinews.kz тілшісіне "Онлайн мектеп" жобасы аясында онлайн-оқу кезінде болған қиындықтар мен балалардың нақты ғылымға деген қызығушылығын қалай сақтай білгенін айтты.  


"Онлайн-форматта сабақ берген кезімде балаларды сезбедім", - дейді астаналық мұғалім Муаммер Гюль, оның оқушылары жыл сайын халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын иеленеді. Гиннесстің рекордтар кітабына кірген педагог Tengrinews.kz тілшісіне "Онлайн мектеп" жобасы аясында онлайн-оқу кезінде болған қиындықтар мен балалардың нақты ғылымға деген қызығушылығын қалай сақтай білгенін айтты.  

"Бұған дейін офлайн-форматта сабақ бергендіктен бастапқыда қиын болды. Педагогтер де, оқушылар да жаңаша оқып, әдіс-тәсілімізді өзгерттік. Бастапқыда Интернет сапасы кедергі жасады. Барлық оқушы бірден қосыла алмай жатты. Сабақ кезінде сабақтан шығып кетіп, маңызды нәрселерді өткізіп алып жатты. Сонымен қатар, балалар веб-камераларын қоса алмай жатты. Ол неліктен маңызды? Маған, мұғалім ретінде балалардың жүзін, олардың эмоциясын көріп отыру маңызды, сол арқылы балалардың жаңа тақырыпты меңгергенін не меңгере алмағанын түсінесің. Мен математикадан беремін ғой, ал онлайн кезінде практикадағыдай балалар есепті қалай шешкенін көру мүмкін болмады. Оған уақыт жетпейтін", - дейді "Білім-Инновация" лицейінің педагогі. 

Қашықтан оқу кезінде Муаммер Гюлге ең қиыны - оқушыладың жанында болмауы екен.  

"Біз, мұғалімдер балалармен бірге отырып, олардың реакциясын көруді үйреніп қалдық. Баламен бетпе-бет сөйлесудің, олардың энергетикасын ештеңе алмастыра алмайды. Экранның ар жағында отырып математиканы үйрету мен үшін қиын болды. Үнемі өзім жалғыз отырғандай сезім болды. Сондықтан өз басым офлайнды таңдаймын. Себебі баланы сезесің, оларды көріп отырасың", - дейді педагог.  

Педагогтің сөзінше, онлайн-форматтың артықшылығы - жолға уақыт кетпейді, сондай-ақ классикалық үлгідегі киімнің орнына өзіңе жайлы киім киесің. 

"Біз лицейде арнайы платформа арқылы сабақ бердік. Бағдарлама бойынша алдын ала оқудан өттік. Бізде онлайн-тақта болды, ол жерде оқушылармен шынайы уақытта бірге есеп шығарамыз. Онлайн-форматтың бір артықшылығы - PowerPoint арқылы презентация жасай бастадық. Сабаққа алдын ала дайындалып, Ғаламтордан ақпарат іздедік. Әріптестерімізбен бір-бірімізге кеңес айтып, тәжірибемізді бөлістік. Ол презентациялар біз бұрыннан жақсы білетін тақырыптарға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді", - дейді математика пәнінің мұғалімі.  

Муаммер Гюль және оның әріптестері қашықтан оқу кезінде балалардың сабақ оқуға деген қызығушылығын ашу үшін түрлі тапсырма ойлап тауып, әр дұрыс жауап үшін балл қойып отырды. 

"Баламен бетпе-бет сөйлеспегендіктен оның оқуға деген қызығушылығын ояту қиынырақ. Ол үшін біз түрлі тапсырма беріп отырдық. Үй тапсырмасынан бөлек, алдын ала мектеп чатына сұрақтар жібердік. Ол сұрақтар қиын болмады, әр дұрыс жауап үшін балл беріп отырдық. Бұл әдіс балаларға ұнады, олар сұраққа жауап беріп қана қоймай, чатқа жаңа тапсырманы қашан жіберетінімізді бақылап отырды", - дейді мұғалім. 

Педагог онлайн-формат кезінде ырғақты өзгерту маңызды екенін айтады. Егер бастапқыда тақырыпты тез түсіндірген болсаңыз, 10 минуттан кейін баяу түсіндіре бастайсыз, осылайша оқушыға демалып алуына мүмкіндік бересіз. 

"Онлайн кезінде кері байланыс орнату маңызды. Сондықтан қарапайым мысалдан бөлек, балалардан басқа да салыстыру мысалдарын сұрап отырдым. Мысал қарапайым болған сайын кері байланыс та жақсы орнайды. Бұл жаңа тақырыпты жақсырақ үйренуге көмектеседі", - дейді Муаммер Гюль. 

"Онлайн мектеп" жобасын Tengrinews.kz "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп жүзеге асырады. Жоба аясында сайтта онлайн-оқудың ерекшеліктері туралы білім беру және психология саласындағы сарапшылармен танымдық материалдар жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети