11 жастағы оқушы математикадан ең қиын тестті тапсырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Жапонияда 11 жастағы оқушы математикадан тест тапсырды, әдетте ол математик студенттерге беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тhe Japan Times басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жапонияда 11 жастағы оқушы математикадан тест тапсырды, әдетте ол математик студенттерге беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тhe Japan Times басылымына сілтеме жасап.

Хирото Такахаси Токиода тұрады және бесінші сыныпта оқиды. Ата-анасының айтуынша, Хирото үш жасында математикаға әуестене бастаған. "Мен математик болғым келеді, жаңа гипотезалар шығарып, жаңа теоремаларды дәлелдегім келеді", - деді бала.

Бала тапсырған тест "Сугаку кэнтэй" деп аталады. Бұл математикадан жапониялық ұлттық тест. Ол 14 кезеңнен тұрады, әр кезең сайын қиындап, терең білімді талап етеді. Ең жеңіл кезең - 14-нші, оны мектеп жасына дейінгілер тапсырады. Ондағы тапсырмалар баланың сандар мен геометриялық пішіндерді ажыратуын анықтайды. Бірінші кезең колледж және университет студенттеріне арналған. Онда студенттер математикалық негізгі алгоритмдер түсінігі мен бірнеше ауыспалы функцияларды көрсетуі тиіс. Қазанда осы тесттің бірінші кезеңін тапсырғандардың 9,4 пайызы ғана емтиханды сәтті тапсыра алған.

Бала бұл тесттің барлық кезеңін тапсыруға бес жастан дайындалыпты. Жеті жасында Такахаси үшінші деңгейдің тестін тапсырған, ол 11-сынып оқушыларына арналыпты, ал келесі жылы - екінші деңгейді, оны әдетте мектеп бітіруші 12-сыныптың оқушылары тапсырады. Екеуінде де ол тест тапсырушылар арасындағы ең жас қатысушы болған және олардан сәтті өткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro