184 елдің ғалымдары "адамзатқа екінші ескерту" жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

184 елдің ғалымдары "адамзатқа екінші ескерту" жасады © vedomosti.md

Әлемнің 184 елінен 15 мыңнан астам ғалым "Адамзатқа ескерту" манифестіне қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемнің 184 елінен 15 мыңнан астам ғалым "Адамзатқа ескерту" манифестіне қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Манифест мәтіні BioScience журналында жарияланды. Осы арқылы ғалымдар адамдардың назарын зиянды экологиялық құбылыстарға бұрғысы келеді. Бұл ғалымдардың екінші манифесті екенін айта кету керек. 

Алғаш рет "Әлем ғалымдарының адамзатқа ескертуі" 1992 жылы жарияланып, оның астына 1700 ғалым, соның ішінде нобель сыйлығының иегерлері де қол қойған болатын. Мәтінде адамзат табиғатпен текетірес жолына түсіп кеткені жазылған. Онда озон қабатының жұқаруы, мұхиттардың флорасы мен фаунасының жойылуы, ормандардың құрып бара жатқаны, климаттың өзгеруі сияқты мәселелер аталған. 

Алғашқы манифестің 25 жылдығына орай екіншісін жариялау шешімі қабылданды. Бұл жолы оның астына 184 елдің 15 300-ден астам ғалым қол қойған. Олардың сөзінше, осынша уақытта адамзат бұл мәселелерді шеше алған жоқ, тіпті кейбірі ушығып кеткен. 

"Аз уақытта тым кеш болады, бағытты өзгертіп, жойылуға апартын жолдан шығуға берілген уақытымыз өлшеулі. Біз күнделікті өмірде де, мемелекеттік институттар деңгейінде де Жер өзінің тіршілігімен бірге - біздің жалғыз үйіміз екенін түсіну керек", - делінген манифестің соңғы жағында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети