2-9 маусым күндері 92 мың түлек ҰБТ-ға қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2-9 маусым күндері 92 мың түлек ҰБТ-ға қатысады Фото Tengrinews.kz

Биылғы ҰБТ тестілеуге 92 мың мектеп бітіруші қатысады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы ҰБТ тестілеуге 92 мың мектеп бітіруші қатысады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министріне сілтеме жасап.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр биылғы ҰБТ жайын сөз етті.

"ҰБТ форматына ешқандай өзгеріс енбейді. Жылдағыдай түлектердің тест тапсыруы ерікті түрде жүзеге асады. Биылғы оқу жылында республика бойынша 133 мың түлек мектепті тәмамдады. Белгілі болғаны, тестулеуге 92 мың түлек қатысады деп күтілуде. Оның 63 мыңы қазақ тілінде ҰБТ тапсыратын болса, қалған 28 мыңы орыс тілінде тапсырады. Түлектер 2-9 маусым күндері аралығында арнайы жабдықталған 155 пунктте тестілеуден өтеді. Базадағы тест тапсырмалары 176 мың сұрақты қамтиды. Оған қосымша 14 мың тест тапсырмалары дайындалды", - деді Аслан Сәрінжіпов.

Ұлттық біріңғай тестілеуге соңғы 10 жылда 1 миллион 335 мың адам қатысқан. Бұл жалпы мектеп бітіргендердің 80 пайызын құрайды. Тестілеуді ашық, әрі аса жоғарғы деңгейде өткізу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы тәжірибеден өткен өкілдері ҰБТ өткізілетін орындарда қатыстырылатын болады деп күтілуде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети