20 наурызда Күннің тұтылуы Қазақстанның солтүстік-батысында байқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 наурызда Күннің тұтылуы Қазақстанның солтүстік-батысында байқалады 2011 жылы болған Күн тұтылу құбылысы. ©РИА Новости

20 наурыз күні Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінің тұрғындары Күннің тұтылуын көре алады, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Фесенков атындағы Астрофизика институтының Ай және планеталар физикасы зертханасының меңгерушісі Виктор Тейфель айтты. Оның сөзіне қарағанда, мұндай құбылыстар әлемде жыл сайын болып отырады, бірақ Айдың Күн бетін бір ғана ендікте жауып өтуі 18 жылда бір рет болады. 

Жалғасы

Ғалымның айтуынша, тұтылу Ресей аумағында анағұрлым анық көрінетін болады, дегенмен оны Қазақстанның солтүстік-батыс өңірлерінің тұрғындары да көре алады. Мысалға, Астана мен Қарағандыда тұтылудың ең жоғарғы фазасы 30 пайыз болады, бұл - Ай Күннің үштен бірін жауып тастайды деген сөз. Оңтүстікте бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болады - сегіз пайызға жуық және бұл құбылыс елеусіз өтеді. Астанада тұтылу шамамен сағат 16.08-де басталады да, 16.57-де ең жоғарғы шегіне жетеді. Шамамен дәл осы уақытта оны Орал, Қостанай, Семей, Павлодар, Атырау, Петропавл тұрғындары тамашалай алады. Күннің тұтылуын көру үшін күңгірт әйнекті немесе ескі фотопленканы пайдаланған жөн. 

Астанада байқалатын тұтылудың схемасы. astro.ukho.gov.uk сайтындағы анимация

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети