11 тамыз 2015 00:09

2015 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2015 жылы 32 168 білім гранты бөлінді: 2500 орын жоғарғы оқу орындарындағы дайындық бөлімдеріне және 29668 орын бірінші курстарды қабылдауға. Күндізгі оқу бөліміне - 29168, сырттай оқу бөліміне - 500 грант. Білім гранттары бойынша оқытуға 60 оқу орны ілікті. Ол конкурс бойынша анықталды.

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен танысу үшін осы файлды жүктеңіз. Ол үшін сілтемеге өтіңіз.

Сонымен қатар, категория бойынша грант иегерлерінің тізімімен келесі сілтемелерге өту арқылы таныса аласыздар:

"Мәңгілік ел жастары - индустрияға" аясында студенттерге бөлінген грант тізімі.

күндізгі қысқартылған оқу бөлімі

сырттай қысқартылған оқу бөлімі

І, ІІ топтағы, бала кезінен мүгедектер мен мүгедек жандардың балаларына арналған квота

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және олармен теңестірілген адамдарға арналған квота бойынша грант иегерлері;

Қазақстан Республикасы азаматтары емес, бірақ ұлты қазақтарға арналған квоталар.

Сонымен қатар,  Казақ-Британ техникалық университетіне грант иеленгендер;

Халықаралық акпараттық технологиялар университетінің гранттары;

қаржы академиясы

белгіленген квота аясында сұраныс жоқ мамандықтарды қайта бөлген кездегі гранттар тізімі

Ал мұнда жоғары оқу орындарының кодтары бар.

ҚР Ғылым және білім министрлігінің мәліметінше, техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша 12,5 мыңнан аса грант бөлінген, 6000 грант - педогогикалық, 2690 грант - ауылшаруашылығы және ветеринарлық мамандықтарға бөлінді.

2015 жылы білім гранттарының конкурсына 67 377 адам қатысты, оның ішінде 53 162 адам қазақ тілінде білім алуға, 14 215 - орыс бөліміне. "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" жобасы аясында 6 457 адам конкурсқа қатысты. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети