2019 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

234 үміткер "Болашақ" стипендиясының иегері атанды. Стипендия иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығы ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

234 үміткер "Болашақ" стипендиясының иегері атанды. Стипендия иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығы ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Шет елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша стипендия магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алатын, сондай-ақ әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдамадан өтетін 234 үміткерге берілді", - делінген хабарламада.

2019 жылғы 26 қарашадағы "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін МЫНА жерден көруге болады.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, стипендиаттарды бөлу санаттары бойынша өтті: мемлекеттік қызметшілер - 21, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері - 4, өз бетімен түскендер - 200, инженерлік-техникалық қызметкерлер - 12, жалпы конкурс - 65, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер - 19.

Аустралия - 4 адам, Ұлыбритания - 242, Канада - 4, Италия - 7, АҚШ - 54, Германия - 2, Бельгия - 2, Ресей - 4, Нидерланды - 2.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети