2021 жылы COVID-19 жұқтырған жағдайы ауыр науқастарға арналған препарат пайда болуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости / Илья Питалев © РИА Новости / Илья Питалев

2021 жылы COVID-19 жұқтырып, ауыр жағдайда жатқан науқастарға арналған дәрі пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылы COVID-19 жұқтырып, ауыр жағдайда жатқан науқастарға арналған дәрі пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

Жағдайы ауыр науқастарды коронавирус инфекциясынан емдеуге мүмкіндік беретін тәжірибелік препарат "Ихилов" клиникасында сынақтардың бірінші кезеңінде жоғары тиімдік көрсеткен, ол жыл соңына дейін толық зерттеуден өтуі тиіс.

"Жақын арада біз зерттеудің екінші кезеңіне көшеміз, онда 50 пациент біздің препаратпен емделіп, 50-і плацебо алады, содан кейін жүздеген пациент қатысатын үшінші кезеңге көшеміз. Зерттеу толық аяқталатын нақты мерзім көптеген факторға байланысты, бірақ биыл аяқтаймыз деп үміттенеміз", - деді дәрі-дәрмек жасаушы профессор Арбар Надир.

Сынақтың бірінші кезеңінде "Ихилов" тель-авив клиникасының зерттеушілері COVID-19-дың ауыр түрімен ауырып жатқан 19 науқасқа тәжірибелік дәрі берген. Профессордың айтуынша, әсері айқын көрінген. Біріншіден, зерттеушілер препараттың қауіпсіздігіне көз жеткізді, екіншіден, пациенттердің демі айтарлықтай жақсарған.

"Клиникалық тұрғыдан алғанда, қандағы оттегінің үлесі артып, қабыну азайып, пациенттер бірнеше күннен кейін ауруханадан шығарылды", - дейді зерттеуші.

Дәрі күніне бір рет қана спрей түрінде қолданылғаны хабарланды.

"Науқасқа жасанды тыныс алдыру аппараты қажет болса, демек бәрі кеш. Мұның алдын-алу керек. Бұл дәріні болашақта әдеттегі спрей түрінде шығарамыз деп үміттенеміз", - деді профессор.

Оның айтуынша, препарат тез әрі оңай дайындалады және шығын көп кетпейді. Бірнеше айда бұл дәріні тиісті рұқсат алғаннан кейін бүкіл әлемге таратуға болады. Препараттың жанама әсері болмауы керек, дейді әзірлеуші. Препарат иммундық жүйеге әсер ету арқылы жұмыс істейтіні айтылды. 

Профессор Надирдің тобы 20 жылдан аса уақыт "Ихилов" медициналық орталығының қатерлі ісік зерттеу бөлімінде иммундық жүйенің тұрақтылығына әсер ететін гендерді зерттеп келеді. Профессордың айтуынша, дәл қазіргі сәтте бұл зерттеу өте өзекті, себебі практикалық қолданысын тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro