04 маусым 2014 | 11:21

3883 түлек 50 ұпай да жинай алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©diapazon.kz ©diapazon.kz

Кеше, маусымның 3-і күні ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күні өтті. Оның қорытындысы бойынша 4 мыңға жуық мектеп түлегі шекті 50 ұпайды да жинай алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Кеше, маусымның 3-і күні ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күні өтті. Оның қорытындысы бойынша 4 мыңға жуық мектеп түлегі шекті 50 ұпайды да жинай алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 

Жалпы, кешегі тестілеу науқанына 17 351 түлек қатысты. Олардың басым бөлігі орташа есеппен 75 ұпай жинады. 100 ұпайдан асқандардың саны - 2 012 адам. Ал 3 883 түлек шекті 50 ұпайға да жете алмады. "Тест тапсыру тәртібін бұзғаны үшін үш түлекті аудиториядан шығарып тастады. Тексеру кезінде 2 307 ұялы телефон, 2 641 "шпаргалка", 83 калькулятор, 13 фотоаппарат, 4 рация, 2 блютуз, бір қол сканері және бір кеңсе пышағы тәркіленді", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, тест өткен бірінші күні Алматы қаласының  №159 Ыбырай Алтынсарин атындағы лицейдің түлегі Марат Әсия Жандосқызы барлық 125 ұпайды жинай білді. Оның бұл жетістігіне әзірше ешкім жеткен жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети