06 қазан 2017 | 09:51

75 жыл бұрын қаза болған сарбаздың бассүйегінен әулиелердің суреттері табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Зерттеушілер Ростов облысында православиелік әулиелердің суреттері бейнеленген Ұлы Отан соғысы кезіндегі сарбаздың бассүйегін тауып алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ғалымдар "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Зерттеушілер Ростов облысында православиелік әулиелердің суреттері бейнеленген Ұлы Отан соғысы кезіндегі сарбаздың бассүйегін тауып алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ғалымдар "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде айтты.

Ғалымдар сарбаздың бассүйегін Миус өзенінен тапқан. Онда 1942 жылы Кавказға басып кірмекші болған неміс бөліміндегілермен шайқас болған еді. Сондай-ақ, сарбаздың бассүйегінің жанында винтовканың болғаны айтылады.

"Суретте Қызыл әскер сарбазының бассүйегі. Оның басында православиелік әулиелердің суреттері бейнеленген. Бұл ерекше дүние. (...) 70 жыл бұрын қаза болған сарбаздың бассүйегінде бұл бейнелер қалайша пайда болғанын сарпшыларға және православиелік шіркеудегілерге анықтауға тура келеді. Өз пікірлеріңізді қалдырсаңыздар болады", - деп жазған ғалымдар "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында.

 

Желі қолданушылары әулиелердің суреттері қалайша сарбаздың бассүйегінде пайда болғанына түрлі болжамдар жасап отыр. Біреулер мұны тылсым бір жағдай десе, тағы біреулері мұндайды бірінші рет көріп отырғанын айтады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети