06 мамыр 2019 16:48

860 мың адамға әлеуметтік төлемдер жасалды - Сапарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын іске асыру мәселелері бойынша өңірлік сапарлар қорытындысы туралы баспасөз конференциясы кезінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы отбасыларды қолдау және мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету шараларын іске асыру туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.


Бүгін "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын іске асыру мәселелері бойынша өңірлік сапарлар қорытындысы туралы баспасөз конференциясы кезінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы отбасыларды қолдау және мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету шараларын іске асыру туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкіметтік жұмыс тобы өткен төрт айда 11 отырыс өткізді.  Бүгінге дейін 160 мың мұқтаж отбасыларға немесе 860 мың адамға жәрдемақы төленді.

"Қазір тек сәуір және мамыр айларында 23 миллиард теңге бөлінді. Жалпы, жыл бойы АӘК төлеу үшін 130 миллиард теңге бөлінді. Орта есеппен, әрбір отбасыға әлеуметтік көмек 105 мың теңге көлемінде көрсетіледі. Бұл жұмыс жалғастырылады. Бұл ретте маңызды бір нәрсені айта кеткен жөн - әлеуметтік желілерде кейбіреулер АӘК биылғы жылдың тек бірінші тоқсанында төленеді, одан кейін төленбейді деп жазған еді. Тағы қайталап айтамын: АӘК ережелеріне сәйкес жыл бойы төленеді. Ал отбасының табысы әрбір тоқсанда нақтылануы тиіс", - деді Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, қазір жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп отбасылардың табыстарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Табысты есептеу мәселесі бойынша келіспеушіліктер туындаған еді: егін, мал, жиһазды есептеуде, бірақ жиһаз есептелмеуі тиіс. Жиһаз есептелмейді. Ешкім ешкімнің тоңазытқышын ашпауы керек. Біз үйді-үйді араламау туралы тапсырма бердік, себебі, әрбір қалада әрбір отбасы, оның табысы, шығындары т.б. туралы мәліметтер бар. Тек қандай да бір сұрақтар туындаса, сонда ғана бару керек. Мұның бәрімен жергілікті атқарушы органдар айналысуы керек. Біз міндетті түрде табысты есептеуіміз керек", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Сонымен қатар, қазіргі кезде бизнес-құрылымдар, жеке тұлғалар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй алуда, бастапқы жарнаны қаржыландыру, ескі үйде жөндеу және тұрғын үй салуда салмақты көмек көрсетіп жатыр.   

Бүгінде олардың есебінен 287 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Биыл жыл соңына дейін тағы 530 отбасы қамтамасыз етілетін болады, барлығы 2021 жылға дейін 1824 отбасы қамтылады. Ол үшін өңірлерде бизнес құрылымдармен тиісті меморандумдар жасалып жатыр.

"Қазір біз сондай басшылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, әсіресе, бастапқы жарнаны төлеуге қатысты. Жергілікті билік органдары тарапынан жақсы қолдау көрсетілуде. Әлеуметтік қолдау жыл соңына дейін кемінде 821 мың қазақстандықты қамтумен 83 миллиард теңге сомасына көрсетілетін болады", - деді ол.

Бердібек Сапарбаев атап өткендей, әрбір отбасы үшін карта әзірлеуге ерекше көңіл бөлініп отыр.

"Біз бірінші кезекте кімге көмектесетінімізді білуіміз керек. Мемлекет тарапынан көмек бар, болады да. Бірақ бәрі заңға сай жасалуы керек. Дені сау адамдар жұмыс істеуі тиіс, өз мәселелерін шешу жолдарын қарастырулары керек. Ал биліктің міндеті - олар үшін жағдай жасау", - деді ол.

Сапарбаев жергілікті билік органдарымен мектеп оқушыларын тегін тамақпен қамту, балабақша орындарын беру, лагерьге жіберу, киіммен, оқулықтармен қамту және тағы басқа мәселелерге қатысты бірлескен жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

"Министрлік әр ай сайын аталған мәселені талдап, бақылайды. Мұндағы маңызды мәселе - біреудің есебінен күн көру мен қажеттілікті айыра білу қажет. Сондықтан да біз жергілікті органдармен бірлесіп, әрбір отбасының әлеуметтік картасын әзірлеп жатырмыз. 1 шілдеге дейін аталған карта әзірленіп, соған сәйкес қолдау көрсетілетін болады", - деді Сапарбаев.  

Сондай-ақ, биылғы 1 маусымнан бастап орта есеппен еңбекақы 15 пайыздан 30 пайызға дейін өседі. 100 пайыз қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Болжам бойынша шамамен 1,1 миллион қазақстандық қамтылады.  

Сонымен қатар, "Әлеуметтік қамқорлық" аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. 2025 жылға дейін республикалық бюджеттен жалдамалы үй беру және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен" жеңілдікті заем беру арқылы 58 000 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету үшін 500 миллиард теңге бөлінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети