19 маусым 2018 16:24

Google адамның қашан қайтыс болатынын болжайтын жүйе жасап шығарды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tribuna Club © Tribuna Club

Google компаниясы жасап шығарған жаңа нейрон желі пациенттің медициналық көрсеткіштерін негізге ала отырып, оның шамамен қай уақытта қайтыс болатынын болжай алады, - деп хабарлайды Bloomberg.


Google компаниясы жасап шығарған жаңа нейрон желі пациенттің медициналық көрсеткіштерін негізге ала отырып, оның шамамен қай уақытта қайтыс болатынын болжай алады, - деп хабарлайды Bloomberg.

Алгоритм жүз мыңдаған сырқат адамға сыналды, соның ішінде сүт безі обыры терминалды кезеңге жектен әйел де бар. Компьютерлер рентгенологиялық сканер қорытындыларын сараптап, әйелдің ауруханада көз жұму мүмкіндігі 9,3 пайыз екенін көрсеткен. Ал 175 639 көрсеткішті есепке алған нейрон желі бұл қауіп 19,9 пайыз екенін көрсеткен. Әйел адам он күннен кейін көз жұмған. 

Нейрон желі адамның қашан көз жұматынын ғанан емес, дерттің емделуі мен қайталану мүмкіндігін де болжай алады екен. Алгоритм PDF-файл түріндегі мәліметтерді және ескі медициналық карточкалардағы жазбаларды есепке ала алады. сонымен бірге, ол дәрігерлерге мәліметтерді даярлауға кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Компания өкілдерінің сөзінше, Google-дің келесі қадамы өзінің болжау жүйесін клиникаларға ендіру. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети