Адамзат тарихын қайта жазуға себеп болатын жаңалық ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Германияда профессор Герберт Лутц бастаған археологтар командасы адамзат тарихын қайта жазуға себеп болады деген тістер жиынын тапты. Бұл туралы Deutsche Welle жазды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Германияда профессор Герберт Лутц бастаған археологтар командасы адамзат тарихын қайта жазуға себеп болады деген тістер жиынын тапты. Бұл туралы Deutsche Welle жазды. 

Тістер Рейн өзенінің жағасында Эппельсхайм қаласының маңында табылған. Бұл тістер алғашқы адамдар - Эфиопияда ғана қалдығы табылған Люси (Australopithecus afarensis) мен Ардидің (Ardipithecus ramidus) тістеріне ұқсайды екен. Ғалымдардың пайымдауынша, Германияда табылған тістер 9,7 миллион жыл бұрын өмір сүрген адамдарға тиесілі. Сөйтсек, ғалымдар сол тістермен бірге қазір тұқымы жойылып кеткен жылқылардың қалдығын тауыпты. Яғни, бұл тістердің жасы африкалық қаңқалардан төрт миллион жылға үлкен. Ғалымдар өз көздеріне өздері сенбей, бұл жаңалықты жариялау алдында бір жыл бойы зерттеу жүргізіпті. 

Осылайша алғашқы адамдар Африкада пайда болған және сол жақтан Жер шары бойынша таралған деген теория қайта қаралуы мүмкін. Қазіргі уақытқа дейін адам тегі Африкада пайда болған теория ақылға қонымдысы болып келген. 

"Қиялға тым берілгім келмейді, бірақ адамзат тарихын бүгіннен бастауымыз керек сияқты", - деп мәлімдеді Майнц мэрі Майкл Эблинг осы оқиғаға байланысты өткен баспасөз мәслихатында. 

"Бұл тамаша жетістік, бұл ұлы жұмбақ", - деп келтіреді профессор Герберт Лутцтың сөзін "Моя планета".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro