26 мамыр 2016 | 15:55

Ағылшын тілін білу білімділіктің көрсеткіші емес - сенатор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kakzarabativat.ru © kakzarabativat.ru

Ағылшын тілін білу білімділіктің көрсеткіші емес. Бүгін парламенттің жоғарғы палатасының депутаты білім саласында өткізілетін реформалар туралы ойын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ағылшын тілін білу білімділіктің көрсеткіші емес. Бүгін парламенттің жоғарғы палатасының депутаты білім саласында өткізілетін реформалар туралы ойын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы уақытта орта білім беруге қатысты Білім және ғылым министрлігі өткізетін реформа қоғамда алаңдаушылық туғызды. 2,5 миллион оқушы мен 7500 орта мектептің тиісті дайындығынсыз асығыс эксперимент жүргізу маңызды саланың дамуына қатты әсерін тигізеді. Реформа, түрлі бағдарламалар - заңдылық, бірақ бұл сала түбегейлі өзгеріске әлі дайын емес", - деді сенатор Мұрат Бахтиярұлы өзінің депутаттық сауалында.

Ол 2020-2021 жылдардан бастап білім беру стандарты бойынша республика мектептерінде "Қазақстан тарихы" пәнінің оқытылу тіліне қарамастан мемлекеттік тілде жүргізілетінін еске салды. Алтыншы сыныптан бастап "Жалпы тарих" пәні тек орыс тілінде, ал "Химия", "Биология", "Физика", "Информатика" пәндері тек ағылшын тілінде жүргізіледі.

"Заман талабына сәйкес, көп тілді білу қажет, оның ішінде ағылшын тілін білу қажет. Оған ешкім қарсы емес. Біз Мемлекет басшысының ұстанымын қолдаймыз. Әрине, ағылшын тілі дипломаттарға, мемлекеттік қызметкерлерге және ғалымдарға қажет. Ағылшын тілін білетіндердің барлығын білімді деп айтуға болмайды. Егер Африка құрлығындағы ондаған елдің, Азия, Филиппин,Индонезия, Камбоджа елдерінің тарихына көз жүгіртсек, олар ағылшын тілін жақсы меңгерген, бірақ бұл елдер дамудан ілгерілеген жоқ. Олар әлі де кедей тұрады. Алты миллион оқушының (Қазақстандық оқушылар - Авт.) барлығына ағылшын тілін меңгеру қажет пе? Ойлау жүйесі енді дамып келе жатқан бала-бақшадағы қазақ балалары мен бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін оқудың қандай маңызы бар? Ағылшын тілін білу әлі білімділіктің көрсеткіші емес.Ол тек әлемдік білім мен ғылымды танудағы құрал болуы тиіс", - деп өз ойын білдірді сенатор Мұрат Бахтиярұлы.

Жоғарғы палата депутаты өз сауалын үкімет басшысына қарата айтты.

"Білім саласындағы модернизациялау реформасына көшпестен бұрын, уақытша болса да осы саланы жақсы білетін мамандардың қоғамдық кеңесін құру қажет. Жан-жақты мәселелерді талқыға салып, ортақ бір шешімге келуіміз керек. Үштілділікті енгізу бойынша тиімді механизмдер құрылуы тиіс. Біз бұл шешімді сақтықпен әрі байыппен қабылдауымыз керек. Бұл мәселеде Білім және ғылым министрлігі мықты координатор ретінде роль атқаруы тиіс. Елбасы да осы жүйені енгізу мәселесінде өзінің көзқарасын білдірді: асықпай, сараланған шешім мен қоғам пікірін талдағаннан кейін ғана", - деп сөзін қорытындылады сенатор.

Айта кетейік, 23 мамырда Білім және ғылым министрлігінде үштілділік оқытуға кезең-кезеңмен өтудің тоқталуы туралы сөздің қозғалмағандығы мәлімделді. "2016-2019 жылдардағы Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру сонымен қатар, оның ішінде жүзеге асырылып жатқан үштілділік оқытуға кезең-кезеңмен көшу бағдарламасы жалғасып жатыр, - деген еді БҒМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әлібек Шоқпаров.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети