Ақмола облысынан свастикасы бар көне құмыра табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Шығыс Еуропадан табылған свастикасы бар көне ыдыс. ©Slavianin.ru Шығыс Еуропадан табылған свастикасы бар көне ыдыс. ©Slavianin.ru

Археологтар Ақмола облысына қарысты Кенеткөл ауылындағы Қошқарбай қорымын қазу барысында сыртында свастика таңбасы бар көне құмыраны тапты. Ғалымдардың пайымдауынша, табылған зат көне арийлерге тиесілі болған, - деп жазады "Экспресс-К".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Археологтар Ақмола облысына қарысты Кенеткөл ауылындағы Қошқарбай қорымын қазу барысында сыртында свастика таңбасы бар көне құмыраны тапты. Ғалымдардың пайымдауынша, табылған зат көне арийлерге тиесілі болған, - деп жазады "Экспресс-К".

"45 сантиметр тереңдіктен біз үш ыдыстың сынығын таптық. Ол заттардың сыртында арийлік тайпаның Андронов мәдениетіне  тиесілі күн мен сәуле белгіленген ою-өрнектерді көруге болады", - деді Мәдени мұраны қорғау орталығының аға ғылыми қызметкері Серік Ысқақов.

Оның сөзіне қарағанда, бұл таңба әлемде фашистік қозғалыс идеологиясының белгісі ретінде танымал. Алайда ол оюларды ықылым замандарда көптеген халықтар қолданған. Атап айтқанда, осы өрнектер ежелгі славяндар мен Оңтүстік Шығыс Азия тұрғындары тұрмыста кеңінен пайдаланған. Кейбір халықтар бұл нышанды әлі күнге дейін қолданады.

Атап өтейік, Андронов мәдениеті XVII-IX ғасырлардағы Батыс Сібір, Орталық Азияның батыс өңірлері мен Оңтүстік Орал археологиялық мәдениеттері жақын топтардың жалпы атауы.

Бұған дейін Ақмола облысында бұдан басқа да археологиялық жәдігерлердің табылғаны хабарланған болатын. Ол кезде VI-VII ғасырларға тиесілі түркі жауынгерінің жерленуіне қатысты болған. Ол зираттан жебенің тұмсығы мен қола сырға табылған еді. Зиратта одан бөлек толықтай жабдықталған әскери аттың қаңқасы да табылып отыр. Мамандар бұл жерлеудің рәсімін элиталық топқа жатқызуда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro