12 тамыз 2021 17:57

АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге COVID-19 вакцинасын алу ресми түрде ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) сайтына сілтеме жасап.


АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге COVID-19 вакцинасын алу ресми түрде ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) сайтына сілтеме жасап.

CDC мәліметінше, зерттеулер коронавирусқа қарсы вакциналар жүкті және бала емізетін әйелдерге еш қауіп төндірмейтінін анықтаған. Pfizer де вакцинасының жүкті әйелдерге тигізетін әсерін тексере бастады. Осылайша, шұғыл қолдануға арналған үш вакцина ұсынылған: Pfizer, Moderna және Johnson & Johnson.

Ұсыныс жүкті әйелдерге де, балалы болуды жоспарлаған немесе қазір бала емізетіндерге де қатысты. Деректерді талдау нәтижесінде жүктіліктің 20-шы аптасына дейін Pfizer немесе Moderna вакциналарын алған 2 500-ге жуық жүкті әйелдің арасында түсік тастау қаупі жоғары емес екенін анықталған.

CDC бұған дейін жүкті әйелдерге вакцина салу туралы нақты ұсыныстар берген жоқ. Алайда қазір орталық 12 жастан асқан барлық адам, соның ішінде жүкті әйелдер үшін де коронавирусқа қарсы вакцинаның пайдасы барын айтып отыр.

Айта кетейік, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) жаңа талдауы COVID-19 вакцинасын алған жүкті әйелдерде түсік тастау қаупі әдеттегі жүктіліктен жоғары емес екенін көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети