Ақтөбеде сармат кезеңінің бес қаруын асынған сарбаздары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбеде сармат кезеңінің бес қаруын асынған сарбаздары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы далалық маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің "Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институты еліміз бойынша әр тарихи кезеңдерді қамтитын оннан астам нысанда археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Кезекті зерттеулердің бірі - Ақтөбе облысының Қобда ауданында орналасқан ж.с.д. VI-V ғасырларға жататын Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешенінде жалғасты. Бұл кешендегі биылғы атқарылған жұмыстар мен алынған мағлұматтар туралы экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы айтып берді. "Савроматтық жергілікті билік әулеті өкілінің құрметіне салынған Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешеніндегі зерттеу жұмыстары 2011 жылдан басталған еді. Бес жылдық кешенді зерттеулер барысында ескерткіштің айналасынан әр тарихи кезеңнің 7 жерлеу орны мен 2 ғұрыптық рәсімдератқарған нысандар зерттелінді. Ірі архитектуралық ескерткіш саналатын диаметрі 50 метр, биіктігі 4,7 метр топырақ үйінділі обада құрылыстың салыну кезеңдерін анықтауға байланысты қазба жұмыстарын жүргізу барысында биыл екі жауынгердің тоналмаған жерлеу орны ашылды", - деді ол.
"Бұл жерлеулер негізгі ескерткіш тұрғызылғаннан бірнеше жүз жылдан кейін жасалынған. "Ер қуаты - қаруы" дегендей, екі жауынгер ату қаруы - оққа толы қорамсақты садақпен (садақтың тек ізі сақталынған), түйреу қаруы -темір ұшты найзасымен және кесу қаруы - қылыш, қанжарымен бірге жерленген. Оба үйіндісінің ортасындағы негізгі қабір шұңқырының шетіне қойылған үшінші жауынгердің қорамсағынан 184 қола жебелер табылды", - деді археолог ғалым.
© ҚР АШМ баспасөз қызметі