Алдағы 10 жылда коронавирус қалай өзгереді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Атлантадағы Эмори университеті мен Пенсильвания мемлекеттік университетінің ғалымдары алдағы онжылдықтағы COVID-19 болашағына болжам жасады. Зерттеу нәтижелері EurekAlert журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атлантадағы Эмори университеті мен Пенсильвания мемлекеттік университетінің ғалымдары алдағы онжылдықтағы COVID-19 болашағына болжам жасады. Зерттеу нәтижелері EurekAlert журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымдар SARS-CoV-2 траекториясын болжау үшін HCoV деп аталатын 4 коронавирус түрінің адамға иммунологиялық және эпидемиологиялық әсерін талдаған.

Авторлар бұл модельде иммунитет жүйесінің инфекцияға сезімталдығы, қайта жұқтырғаннан кейін аурудың әлсіреуі және вирустың таралуы сияқты компоненттерді қарастырған. Сонымен қатар, олардың әрқайсының әлсіреу уақытына зерттеу жүргізді.

Болжам бойынша, алдағы 10 жылда SARS-CoV-2 коронавирусы эндемиялық аурулар санатына енеді. Алғашқы инфекция үштен бес жасқа дейін пайда болады, ал ауру қарапайым суық тию белгілерімен жүреді. Авторлардың пікірінше, балалық шақта аурудың жеңіл түрлерімен иммунитет қалай күрессе, солай өмір бойына сақталады. Егде жастағылар ауырса, ол жеңіл түрде өтеді, өйткені балалық шақта пайда болған антиденелер оларға белгілі бір иммундық қорғаныс береді.

Дегенмен ғалымдар ауқымды вакцинацияның керек емесін ескертеді. Себебі қайта жұқтыру кезінде вакцина қысқа уақытқа ғана әсер етеді. Бірақ вакциналар аурудың күшін азайтады және жаппай иммундық жүйені қалыптастырады. Бұл COVID-19-дың эндемиялық аурулар санатына өтуін баяулатады.

Ғалымдар вакцина қорын сақтау үшін вакцинацияны біртіндеп азайтуды жөн деп санайды. Ол үшін тек белгілі бір жастағы адамдар тобына ғана вакцина жасауды ұсынады. Ол тізімге қарт адамдар кіру керек пе немесе керісінше, балалар кіруі керек пе - мұны аурудың даму динамикасын талдағаннан кейін ғана айтуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.03  course down  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro