Алдағы онжылдықта Каспий теңізінің суы тартыла бастайды - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы онжылдықта Каспий теңізінің суы тартыла бастайды - ғалымдар Каспий теңізі ©NASA

Неміс және голландиялық зерттеушілердің сөзінше, 2100 жылға қарай Каспий теңізіндегі су деңгейі қазіргімен салыстырғанда 9-18 метр төмен болады. Бұл экологияға, экономика мен өңірдің саяси тұрақтылығына кері әсер етеді. Зерттеу нәтижесі Nature Communications Earth & Environment журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неміс және голландиялық зерттеушілердің сөзінше, 2100 жылға қарай Каспий теңізіндегі су деңгейі қазіргімен салыстырғанда 9-18 метр төмен болады. Бұл экологияға, экономика мен өңірдің саяси тұрақтылығына кері әсер етеді. Зерттеу нәтижесі Nature Communications Earth & Environment журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Біраз елде су деңгейі көтеріліп жатқан кезде, Каспий өңірінде тұратын 100 миллион адамның алдынан басқа проблема шыққан - Каспий теңізіндегі су деңгейі күн санап тартылып келе жатыр. Географиялық түсінік бойынша, ол теңіз емес, ауданы 371 мың шаршы шақырым әлемдегі ең үлкен көл. Бірақ жыл сайын ол кішірейіп келеді. 1990-жылдардан бастап оның деңгейі бірнеше сантиметрге төмендеп жатыр. 

Гисен және Бремен университетінің зерттеушілер голландиялық геолог Франк Весселингпен бірлесіп ХХІ ғасырдың соңына дейін Каспий теңізі деңгейі өзгеруінің болжам моделін құрды. 

Мамандардың есебі бойынша, алдағы онжылдықта су деңгейі белсенді түрде төмендей бастайды да 2100 жылға қарай ол 9-18 метрге дейін төмендеп кетеді, ал теңіз бассейнінің ауданы 23-34 пайызға қысқарады.

"Салыстырмалы түрде, егер Солтүстік теңіз деңгейі екі-үш метрге түссе, Роттердам, Гамбург және Лондон сияқты порттарға жету қиынға соғады. Балық аулайтын кеме мен алып контейнерлер, аймақтың барлық елі зор қиындыққа тап болады. Бұл жерде әңгіме кем дегенде тоғыз метрге төмендеу туралы болып отыр. Ең жағымсыз болжам бойынша, айырмашылық 18 метр, ал Каспий теңізі өз алаңының үштен бір бөлігін жоғалтады", - делінген Утрехт Университетінің баспасөз хабарламасында.

Каспий теңізіндегі су деңгейі 9-18 метрге төмен болғандағы карта

Ғалымдардың сөзінше, Каспий теңізі сияқты жабық су қоймаларының деңгейі бір жағынан жауын-шашын мен ағын сулардың, екінші жағынан көлдің бетінен булану арасындағы нәзік тепе-теңдікпен анықталады. Каспий теңізі жағдайында су деңгейінің төмендеуі қыста теңіз мұзының булануы мен жоғалуымен байланысты. Бұл процестер Жерорта теңізі-Орта Азия аймағындағы құрғақшылықпен байланысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети