ҰБТ тестілеу бастағалы жоғары балл жинаған түлектер саны төрттен асқан жоқ, деп хабарлайды, Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
2-8 маусым күндері аралығында тестілеуге 87593 бітіруші қатысып, соның 61678 қазақ, 25915 орыс тілінде тапсырды.
Ең жоғары 125 балды жинаған бітірушілер саны төртеуден өзгерген жоқ. Олар Айғаным Әбдіжаппар - Алматы қаласы, Әсия Марат - Алматы қаласы, Шахзода Ахметжанова - Шымкент қаласы, Ұлпан Ержанова - ОҚО Ордабасы ауданы.
.jpg)
Барлық тестілеу өткізу пункттерінде тестілеу нәтижелері көпшілік назарына уақытында ілініп отырды, тестілеу нәтижесін өңдеу барысында кешіктіру фактілері тіркелмеген.