25 мамыр 2019 | 15:35

Алматы мектептерінің 8 мыңнан аса түлек үшін "Соңғы қоңырау" соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданы Таугүл-3 ықшам елді мекеніндегі №175 гимназияның салтанатты рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданы Таугүл-3 ықшам елді мекеніндегі №175 гимназияның салтанатты рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаған Бауыржан Байбек қалада  соңғы үш жылдың ішінде 3 жаңа қазақ мектебінің ашылғанын, оның екеуінің жеке инвесторлармен әріптестік ынтымақтастық барысында салынғанын атап өтті.

Алдағы оқу жылында Алатау ауданында тағы бір қазақ мектебі ашылады, тағы екі қазақ мектептерінің жанынан 400 және 900 орынды қосалқы нысандар іске қосылады. Таяу уақытта 7900 орынды тағы 8 жаңа мектеп салу жоспарланған.

"Қазіргі кезде қалада заманауи сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Елбасы үнемі XXI ғасыр – білім мен ғылым ғасыры деп айтып келеді. Тек білімді әрі білікті кадрларды өсіргенде ғана біз қуатты және гүлденген мемлекетке айналамыз. Биылғы жылы 236 мың оқушының 98,7 пайызы мектеп жанындағы және қала сыртындағы 800-ге жуық лагерьлерге баратын болады, оған жергілікті бюджет есебінен 232,4 миллион теңге қаржы қарастырылды. Қалған балалар түрлі үйірме және клубтарға, спорттық секцияларға қамтылады. Мемлекет және қала әкімдігі тарапынан балалардың әлеуметтік жағдайына да ерекше мән берілген. Биылғы оқу жылында қала мектептерінде үздік оқитын, көпбалалы отбасынан шыққан 2614 оқушы жергілікті бюджет есебінен стипендия алды", - деді Бауыржан Байбек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети