Алматы облысындағы Үштерек ауылының мектебінде парта мен орындық жетіспейді. Оқушылардың көпшілігі асүйге арналған үстел мен орындықтарда отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Сонымен қатар, мектепте жөндеу жұмыстарының жүрмегеніне көп болған. Ғимаратта су да, жылу да, асхана да, спортзал да жоқ.

Оқушылардың ата-аналарының айтуынша, бұл мектепте қоңырау да жоқ екен, сабақтар 20-30 минуттан жүреді. Одан ұзақ уақыт бұл мектепте отыру мүмкін емес: мұғалімдер таза ауа жұту үшін балаларды далаға шығарады. Ата-аналар балалары үшін алаңдап отыр, себебі мектептің қабырғасы кез келген уақытта құлап түсуі мүмкін.
Алайда жергілікті шенеуніктер жаңа мектеп салынады деп сөз беріп отыр, бірақ күте тұруды өтінеді. Олардың айтуынша, өздері де ғимаратсыз жүр және әкімдік мекемесі құрылысының аяқталуын тағатсыздана күтіп отыр. "Былтырдан бері, алдыңғы жылдан бері атсалысып, сол мектепке 2,5 гектер жер бөлінді. Соған қаржы бөлініп жатыр. Оның барлығы республикалық бюджеттен салынады ғой. Қаржысы бөлініп, жоба жасалып, мектеп биыл күзде басталуы керек", - деді Әйтей ауылдық аймағы әкімінің орынбасары Қанат Елеусізов. Дереккөз: КТК.