Алматыда 600 оқытушы ҚазМҮББУ жабылуына қарсы шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: facebook.com/AGIUV Фото: facebook.com/AGIUV

Алматыдағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жабылуына қатысты дау-дамай азайған жоқ. Бір аптадан кейін 600 адам жұмыссыз қалады. Оқытушылар жоғары оқу орнын бас лицензиядан айыру туралы Білім және ғылым министрлігі шешіміне наразылықтарын білдіруге жиналды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жабылуына қатысты дау-дамай азайған жоқ. Бір аптадан кейін 600 адам жұмыссыз қалады. Оқытушылар жоғары оқу орнын бас лицензиядан айыру туралы Білім және ғылым министрлігі шешіміне наразылықтарын білдіруге жиналды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қазақстандағы көне университеттердің бірін лицензиясынан айыру педагогтар мен студенттерге күтпеген жаңалық болған. Алпыс жыл ішінде оқу орны мыңдаған білікті маман шығарды. Оның ішінде пандемиямен иық тіресіп күрескен инфекционистер де бар.

"Оқу орнында бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан, көп жылдық тәжірибесі бар профессорлар мен доценттер бар. Жұқпалы патологияға келетін болсақ, біздің кафедра қызметкерлері республиканың барлық дәрігерлеріне кеңес береді", - деді ҚазМҮББУ профессоры Күләш Құрманова.

Оқутушылар да министрлік шешіміне қарсы. Себебі университет техникалық базамен қамтылған, білім ордасында ешқандай заңбұзушылық болмағанын айтты.

"Біз Қазақстан Республикасы Президентіне жүгініп, осы жағдайды түсінулеріңізді сұраймыз. Себебі Білім министрлігі әрекетіне күмәніміз бар. Тәуелсіз сараптама жасаңыз. Біздің педагогтар жоғары білікті", - деді ҚазМҮББУ профессоры Раушан Бердалина.

Студенттер де жоғары оқу орнына жоғарғы білікті мамандардан білім алуға, оқытушылар құрамы үшін түскендерін айтты.

"Біз мұнда ақылы негізде оқып жатырмыз. Оқуды осы жерде аяқтауға мүмкіндік беріңіздер. Университетіміздің жабылғанын қаламаймыз. Университет бұрыннан жоғары білікті мамандармен танымал",-деді ҚазМҮББУ 7-курс студенті Назым Құлназарова.

Медициналық университеттің бас лицензиясын қайтарып алу туралы сот шешімі келесі аптада күшіне енеді. Осыдан кейін университет қызметін тоқтатуға міндетті. Алайда алты жүз оқытушы жұмыс орнын қорғауға ниетті.

Еске салайық, 15 ақпанда ҚазМҮББУ лицензиясынан айырылғаны белгілі болды.

Былтыр күзде Шымкенттегі академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті лицензиясынан айырылған еді.

2020 жылы жоспардан тыс тексерулер бүкіл ел бойынша 128 ЖОО-ның 55-інде жүргізілді. Нәтижесінде төрт оқу орны толығымен жабылып, тағы 25 жоғары оқу орны жеке бейіндер бойынша лицензияларға 74 қосымшаны қайтарып берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro